Головкин Альварестен 91 грамм ауыр шықты

Головкин Альварестен 91 грамм ауыр шықты

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпиондық атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Қазақстандық боксшының салмағы 159,6 фунтты (72,393 кг) көрсетті. Ал Альварес 159,4 фунт болды. Отандасымыз қарсыласынан 91 граммға ауыр шықты. Екі боксшы да орта салмаққа сәйкес (160 фунт) салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті.

Салмақ өлшеу кешінде екі боксшы көз түйістіріп, соңы жанжалға да ұласты.

Екі боксшы Лас-Вегастағы уақыт бойынша 15 қыркүйек күні кеште шаршы алаңға шығады. Ал Астана уақытымен 16 қыркүйектің таңына тура келеді. Қазақстандық спортсүйер қауым бокс кешін тікелей эфирде тамашалай алады.

Алдағы жекпе-жекте отандасымыз чемпиондық атағының барлығын қорғайды. Сондай-ақ иесіз тұрған The Ring чемпиондық атағы мен WBC ұйымының арнайы белбеуі де жеңімпазға табысталады.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Коронавирусты "өлтіретін" тағамдар
Коронавирусты "өлтіретін" тағамдар
Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар
Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар
Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз
Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты