Зидан жаттықтырушылық қызметке қайта оралады

О Сансызбай Корреспондент
Зидан жаттықтырушылық қызметке қайта оралады
Фото ©️ футбол, Зиннедин Зидан, Реал, жаттықтырушы, TVE

"Реал Мадрид" клубын жаттықтырған тұста 3 жыл қатарынан Чемпиондар лигасында топ жарған Зиннедин Зидан бапкерлік қызметке қайта оралмақ.

БӨЛІСУ

- Мен жақында жаттықтырушылық қызметке ораламын. Өмір бойы айналысқан ісімнің ортасына қайта келген маған ұнайды, - деді футболшы TVE арнасына берген сұхбатында.

Француз маманы испандық клубпен айтарлықтай жетістікке жетті. Ең бастысы – Чемпиондар лигасында үш жыл қатарынан топ жарды. Үлкенді-кішілі 9 бірдей чемпиондық атақты иеленді.

Батыстық кей басылымдардың хабарлауынша, Зиннедин Зидан "Манчестер Юнайтедте" Жозе Моуриньюді алмастыруы мүмкін.