Қазақстан жастар құрамасы Словениямен тең ойнады

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Қазақстан жастар құрамасы Словениямен тең ойнады
Фото ©️ kff.kz

Қазақстан жастар құрамасы Астанада Словениядан келген замандастарымен тең түсті. Ойында командалар гол соққан жоқ.

БӨЛІСУ

Қос құраманың жас ойыншылары 2019 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында бір топқа түскен болатын. Тең ойнап бір-бір ұпайдан бөлісті.

Топта Франция жастар құрамасы 21 ұпаймен көш бастап келеді. Словенияда 11 ұпай бар. Қазақстан жастар құрамасы 10 ұпаймен үшінші орында келеді.

Талғат Байсуфинов шәкірттері 11 қыркүйек Словениямен сырт алаңда ойнайды. 16 қазан күні Черногория жастарына қарсы ойынмен іріктеуді аяқтайды.

Топ жеңімпазы Еуропа чемпионатына жолдама алады. Ал екінші орын алған командалар арасында үздік көрсеткішке ие болғандардың да жолдама алуына мүмкіндіктері бар.

Қазақстан жастар құрамасы алдағы ойындарда жеңіске жетсе, Еуропа чемпионатына шығуына мүмкіндігі бар.