Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Алексей Ни: Чиншанло Қытайға кетсе, өз шұлығымды өзім жеймін!

Алексей Ни: Чиншанло Қытайға кетсе, өз шұлығымды өзім жеймін!

Алексей Ни: Чиншанло Қытайға кетсе, өз шұлығымды өзім жеймін!

Қазақстанның ауыр атлетикадан бас жаттықтырушысы Алексей Ни 2012 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Зульфия Чиншанлоның айналасындағы дауға қатысты пікір білдірді. 

Мегаполис апталығының айтуынша, 2 қараша күні ауыр атлет жеке жаттықтырушысы Виктор Ни және бас жаттықтырушы Алексей Нимен бірігіп Талдықорғанда өткен дзюдодан Қазақстан Чемпионатына келіп қатысты. Осы сапар кезінде құраманың бас жаттықтырушысы Алексей Ни спортшының айналасындағы даудың жай ғана өсек екендігін айтты. Оның айтуынша, бұл әңгіме Зульфияны рухын ойсырату үшін таратылған. 

"Қытайлықтар өз шәкірттерінің Зульфиямен бәсекелесуі қиын болатындығын біледі. Сондықтан оған психологиялық шабуыл жасап жатыр. Мен Чиншанлоға бірден айттым: Өзің жайлы жазылған мақалалар мен пікірлерді оқыма, - деп. Дегенмен Зульфия интернетте көп отырады. Оқып алып жылайды. Мен бір күндері телефон көтеруден де қалдым. Бір күні қарасам, біреу 86 рет телефон шалыпты. Бір жігіт мені қатты таң қалдырды. Хабарласып, ауыр сөздер айта бастады. Мен шыдай алмай: "Егер Чиншанло Қытайға кететін болса, өз шұлығымды өзім жеймін", - дедім. Ол мысқылдап: "Бір көру керек екен", - деді. Мен: "Бірақ есіңде болсын, егер ол Қазақстаннан кетпесе, өз шұлығыңды сен жейсің", - деп едім, ол үнсіз қалды", - деп әңгімелеп берді Ни. 

Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін Массагет порталы Аспан асты елінің «Sohu.com» ақпараттық порталы сейсенбілік жаңалықтарын ХХХ Олимпиада ойындарында Қазақстанның атынан шығып, алтын медальді олжалаған Зульфия Чиншанлоның Қытай еліне оралғандығын жазғаны туралы айтқан болатын. 

Дегенмен, Қытайдан демалыстан оралған соң, Зульфия бұл ақпаратты теріске шығарып, жұртшылыққа қазақстандық құжаттарын көрсеткен еді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан 

сурет: megapolis.kz

1164 9
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 05 қараша 2012, 17:08
Пікірлер
+0
05 қараша 2012, 18:03

Батыр қызға қиын болып жүр екен ғой

+0
05 қараша 2012, 18:03

ии түрінен сол)

+0
05 қараша 2012, 18:19

Адам аласы ішінде деген. Бәріне уақыт төреші.

+0
05 қараша 2012, 19:11

Алексей Ни торсинди же носки жеген кызык емес

+0
06 қараша 2012, 00:08

амал жок же енды

+0
06 қараша 2012, 01:20

оқып алып жылайды деген жерінде елжіреп кеттім ғой, мөлдіреп қарап тұрған көздерінен сол, бірақ жанкүйерге ренжімесін олардың еш кінәсы жоқ,,,

+0
06 қараша 2012, 02:35

Сауатты жазсаңдаршы ағайын Талдықорған шаһарында дзюдодан қайдағы әлем чемпионаты өтті?

+0
06 қараша 2012, 09:07

кетпейді ғой

+0
14 қараша 2012, 16:19

кетсе одан ары кетпейме ,осыған неге сонша құндылы болдық.құрамадан орын таппай өзгенің намысын қорғап жүрген өз қандастарымызды осылай іздесекші одан да.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...