"Қайрат" Ресейдің "Зенит" клубымен жолдастық кездесу өткізеді

"Қайрат" Ресейдің "Зенит" клубымен жолдастық кездесу өткізеді
Фото: fckairat.kz

Алматының "Қайрат" футбол клубы Ресейдің "Зенит" командасымен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Ойын 9 қыркүйек күні Санкт-Петербург қаласында өтеді. Командалар жолдастық кездесу үшін ішкі біріншіліктегі үзіліс уақытын таңдаған.

"Зенит" Ресей премьер-лигасының VI тур ойындарынан кейін 16 ұпаймен көш басында келеді. Ал Алматының "Қайраты" ел біріншілігінде 54 ұпаймен екінші орында тұр. Бірінші орындағы "Астанадан" 3 ұпайы кем.

Айта кетейік, "Қайратта" кезінде "Зенит" командасы сапында доп тепкен Андрей Аршавин ойнайды. Осы маусымда футболшы 9 гол соғып үлгерді.

Ө. Сансызбай