"Астананың" Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

"Астананың" Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі қарсыластары анықталды
Фото: vesti.kz

Футболдан Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды. "Астана" футбол клубы топта қандай клубтармен ойнайтыны белгілі болды.

Жеребе қорытындысы бойынша елордалық команда "К" тобына түсті. Украинаның "Динамо Киев", Францияның "Ренн", Чехияның "Яблонец" клубтарына қарсы ойнайды.

Еуропа лигасының топтық кезеңі 20 қыркүйек күні басталады. 1/16 финалдың жеребесі 17 желтоқсанда өтеді.

"Астана" Еуропа лигасының топтық кезеңінде Кипрдің АПОЭЛ клубын ұтты. Сырт алаңда қарсыластарына 1:0 есебімен ұтылып, қарымта ойында дәл осы есеп айырмасымен жеңіске жетті. Нәтижесінде командалар ойын соңындағы пенальти сериясында жеңімпазды анықтады. Елордалық ұжым 2:1 есебімен жеңіске жетіп, топтық кезеңге шықты.  

Н. Үсенова