Бүгін Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылады

Бүгін Еуропа лигасы  топтық кезеңінің жеребесі тартылады
Фото: vk.com
Бүгін, Астана уақытымен сағат 17:00-де Еуропа лигасының 2018/19 жылдар маусымы топтық кезеңінің жеребесі тартылады.
 
Жаңа маусым УЕФА Кубогы Еуропа Лигасына өзгертілгеннен кейін оныншы, ал жалпы, 48-ші чемпионат. Жеребе алдында 48 команда УЕФА рейтингісіндегі орнына қарай 4 себетке бөлінген. 

Бірінші себет: «Севилья» (Испания), «Арсенал» (Лондон, Англия), «Челси» (Англия), «Зенит» (Ресей), «Байер» (Германия), «Динамо» (Киев, Украина), «Бешикташ» (Түркия), «Ред Булл Зальцбург» (Аустрия), «Олимпиакос» (Грекия), «Вильярреал» (Испания), «Андерлехт» (Бельгия), «Лацио» (Италия).

Екінші себет: «Спортинг» (Лиссабон, Португалия), «Лудогорец» (Болгария), «Копенгаген» (Дания), «Марсель» (Франция), «Селтик» (Шотландия), ПАОК (Грекия), «Милан» (Италия), «Генк» (Бельгия), «Фенербахче» (Турция), «Краснодар» (Ресей), «Астана» (Қазақстан), «Рапид» (Аустрия).

Үшінші себет: «Бетис» (Испания), БАТЭ (Беларусь), «Карабах» (Әзербайжан), «Динамо» (Загреб, Хорватия), «РБ Лейпциг» (Германия), «Франкфурт» (Германия), «Мальмё» (Швеция), «Спартак» (Ресей), «Стандард» (Бельгия), «Цюрих» (Швейцария), «Бордо» (Франция), «Ренн» (Франция).

Төртінші себет: «Аполлон» (Кипр), «Русенборг» (Норвегия), «Ворскла» (Украина), «Славия»(Прага, Чехия), «Акхисар Беледиеспор» (Түркия), «Яблонец» (Чехия), АЕК (Ларнака, Кипр), «Види» (Мажарстан), «Рейнджерс» (Шотландия), «Дюделанж» (Люксембург), «Спартак» (Трнава, Словакия), «Сарпсборг 08» (Норвегия).
 
Топтық кезең турнирлері 20 қыркүйек, 4 қазан, 25 қазан, 8 және 29 қараша, 13 желтоқсанда өтеді. Финал 2019 жылғы 29 мамырда Бакудегі "Олимпиада" стадионда өтеді.
Т. Раушанұлы