Криптовалюта футбол нарығына енді

Тұрсынбек Раушанұлы Корреспондент
Криптовалюта футбол нарығына енді
Фото ©️ medium.com

Криптовалюталар футбол нарығын да жаулап алып жатыр. Италия С Сериясындағы "Римини" клубы акцияларының бір бөлігі "сары алтында" сатылған бірінші футбол клубы болып тарихқа кірді. 

БӨЛІСУ

"Forbes"-тің мәліметінше, "Quantocoin" компаниясы клубтың 25 пайыз үлесін санды ақшаларда сатып алған. Бұл клуб соңғы 25 жылда 3 рет банкрот деп жарияланған еді. Өткен маусымда ол D Сериясының чемпионы болып бір саты жоғарылаған.

"Quantocoin" компаниясының акционерлерінің бірі Пабло Дананың айтуынша, криптовалютаның қолданылуы футболдағы жемқорлық деңгейін төмендетуге көмектеседі. Ол сондай-ақ, компания бұл сатып алумен шектелмей, басқа да клуб акцияларын сатып алғысы келетінін айтты.