Қазақстандық теннисшілер Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды

Қазақстандық теннисшілер Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды
Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисшілер Денис Евсеев пен Александр Бублик Индонезияда өтіп жатқан XVIII жазғы Азия ойындарында күміс медаль иеленді.

Ерлер арасындағы жұптық сында отандастарымыз финалда үндістандық теннисшілер Рохан Бопанна мен Дивиж Шаран жұбына есе жіберді. 6:3, 6:4 есебімен қарсыластары басым түсті.

Айта кетейік, осыған дейін әйелдер арасында жұптасып сынға түскен теннисшілер Анна Данилина мен Гозаль Айнитдинова Азия ойындарының қола жүлдегері атанған еді.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 2 алтын 7 күміс 19 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 12-орында келеді.

Ө. Сансызбай