Қазақстан қола жүлделер саны бойынша Қытаймен теңесті

Қазақстан қола жүлделер саны бойынша Қытаймен теңесті
Фото: olympic.kz

XVIII жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты. Академиялық есуден жекелей сында Александра Опачанова қола жүлдегер атанды.

Қазақстандық спортшы Қытай және Тайпей спортшыларын алға жіберіп, мәреге үшінші болып келді. Бұл Қазақстан құрамасының қоржынына түскен 15-ші қола медаль. Нәтижесінде қола медальдар саны бойынша көш басындағы Қытаймен теңесті.

Қаізргі таңда Қазақстан құрамасы қоржынында 1 алтын 6 күміс 15 қола медаль бар. Жалпы есепте 12-орында келеді.

Ө. Сансызбай