Таеквондашы Қазақстан қоржынына 17-ші медальды салды

Таеквондашы Қазақстан қоржынына 17-ші медальды салды
Фото: Сали Сабиров

Қазақстандық таеквондошы Нұрлан Мырзабаев XVIII жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

80 кг салмақ дәрежесінде бақ сынайтын отандасымыз жартылай финалда кореялық спортшы Хваджун Лиге жол берді. Бастапқыда ұтып-ақ тұрып, соңғы сәттерде есе жіберіп алды. Есеп - 16:17.

Нұрлан Мырзабаевтың жүлдесі - Қазақстан құрамасының қоржынына түскен 17-медаль. Жалпы есепте біздің құрама 1 алтын 5 күміс 11 қоламен үздік ондықтан шығып қалды.

Бүгінгі жарыс бағдарламасы әлі аяқталған жоқ. Алдағы уақытта Индонезия жерінен қуанышты хабарлар күтеміз.

Ө. Сансызбай