Қазақстан су добы құрамасы Азиаданың күмісін иеленді

Қазақстан су добы құрамасы Азиаданың күмісін иеленді
Фото: olympic.kz

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарының күмісін алды. 21 тамызда өткен ойында Қазақстан Жапонияны 12:11 есебімен жеңді.

Қазақстан құрамасы Азиадада барлығы бес ойын өткізіп, Қытайдан жеңілді. Жапониядан бөлек Гонконг, Индонезия, Таиландты жеңген. Азия ойындарының алтынын Қытай, қоласын Жапония иеленді.

Қазақстан құрамасында жүлдегер атанғандар:

1. Александра Жаркимбаева 
2. Оксана Сайчук
3. Айжан Ақылбаева 
4. Анна Турова
5. Анастасия Еремина
6. Дарья Рога
7. Анна Новикова
8. Сивилия Райтер
9. Шахзода Мансурова
10. Замира Мырзабекова
11. Анастасия Миршина
12. Анастасия Мураталиева
13. Ажар Әлібаева

Қазақстан Джакартадағы Азия ойындарында бір алтын, төрт күміс, бес қоламен жалпы есепте 10-орында келеді.

Massaget.kz