Қазақстандық таеквондошы қыз Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді

Қазақстандық таеквондошы қыз Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді
Фото: olympic.kz

Индонезия жерінде өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты. Қазақстандық таеквондошы қыз Фариза Алдоңғарова қола медальға қол жеткізді.

53 кг салмақта бақ сынайтын Фариза алғашқы кездесуінде өзбекстандық Динорахан Мамадибрагимованы 17:16 есебімен жеңді. Ширек финалда Ираннан келген спортшы Шейда Элахеден 11:3 есебімен басым шықты.

Алайда жартылай финалда Фариза тайпейлік спортшы Су Поядан 6:11 есебімен жеңіліп, финалға шыға алмады. Дегенмен үздік үштіктен көрініп, Азия ойындарының қола жүлдесіне ие болды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 1 алтын 1 күміс 3 қола медальмен жалпы есепте 10-орында келеді.

Ө. Сансызбай