"Astana Arlans" пен "Сuba Domeodores" арасындағы финалдық жекпе-жек Қытайда өтеді

"Astana Arlans" пен "Сuba Domeodores" арасындағы финалдық жекпе-жек Қытайда өтеді
Фото: World Series Boxing

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) биылғы маусымдағы финалдық жекпе-жектері Қытайда өтетін болды. "Astana Arlans" пен "Сuba Domeodores" чемпиондық атаққа таласады.

- Құрметті жанкүйерлер! Ресми түрде хабарлаймыз! "Астана Арландары" және "Куба Домадорес" арасындағы финалдық матч Қытай мемлекетінде өтеді. Бірінші жекпе-жек 26 қыркүйекте Сямынь қаласында, екінші жекпе-жек 28 қыркүйекте Цзиньцзянда болады, - деп хабарлады қазақстандық клубтың instagram желісіндегі ресми парақшасы.

Айта кетейік, "Astana Arlans" пен "Сuba Domeodores" WSB финалына мамыр айында шыққан болатын. Қазақстандық клуб жартылай финалда Ұлыбританияның "British Leonhearts" командасын ұтса, кубалық боксшылар "France Fighting Roosters" командасынан басым түскен еді. Нәтижесінде финалдық жекпе-жек жанкүйерлерді ұзақ күттірді.

Ө. Сансызбай