"Астананың" бас жаттықтырушысы уақытша қызметінен кетті

"Астананың" бас жаттықтырушысы уақытша қызметінен кетті
Фото: fcastana.kz

"Астана" футбол клубының бас жаттықтырушысы Роман Григорчук уақытша қызметінен кетті. Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлады.

Украиналық маман жеке жағдайларына байланысты уақытша қызметінен кетуді өтінген.

- Мен бүгін клуб президенті Саян Жақсыгелдіұлы Хамитжановқа жеке жағдайыма байланысты жұмыстан уақытша босату туралы өтінішпен жүгіндім. Бұл шешімді қабылдау оңай болған жоқ. Алайда маған осы уақыт аралығында көмектескен, мен болмаған кезеңде бас бапкердің міндетін Григорий Константинович Бабаянға сеніп тапсыра аламын. Ол команда ойыншыларымен толықтай таныс және мен келген уақытқа дейін жұмыс барысына, клубтың нәтижелеріне кері әсерін бермейді деген сенімдемін. Және де клуб президентіне менің өтінішімді қабыл алғаны үшін ерекше алғысымды білдіремін, - дейді Роман Григорчук клуб баспасөз қызметіне.

"Астана" футбол клубының президенті Саян Хамитжанов та Роман Григорчуктың команда құрамынан уақытша кетуіне байланысты өз пікірін білдірді.

- Роман Григорчук менен жеке жағдайларына байланысты уақытша үзіліс жасауды сұрады. Бізге оның өтінішін қабылдамастан басқа амал қалған жоқ. Себебі өмірде әртүрлі жағдайлар орын алып жатады. Біз бас бапкердің өз қызметіне қайта оралғанын күтеміз. Ал ол жоқ кезеңде бас бапкердің міндетін Григорий Бабаян атқаратын болады, - деді ресми хабарламада.

Айта кетейік, "Астана" Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінен аса алмады. Елордалық ұжымды Загребтің "Динамосы" екі ойын қорытындысы бойынша ұтып кетті. Нәтижесінде "Астана" Еуропа лигасында бақ сынайтын болды. Бұл жарыстың плей-офф кезеңінде Кипрдің АПОЭЛ командасымен ойнайды.

Ө. Сансызбай