Қазақстандық жүзгіштер АҚШ жерінде жаттығып жүр

Қазақстандық жүзгіштер АҚШ жерінде жаттығып жүр

Американың Флорида штатындағы Дэйви қаласында қазақстандық жүзгіштер - республикалық олимпиадашылар  орталығы тәрбиеленушілерімен оқу-жаттығу жиынын өткізді. Бұл туралы vesti.kz спорт порталы хабарлайды.

Жиын аясында Davie Nadadores Swim Team жүзу клубында отандық жүзушілер Mike Horgan Memorial Swim Meet халықаралық жарысына қатысты. Бұл сайыста АҚШ, Бразилия, Ресей және Мексика елдерінің клубтық командалары да бақтарын сынады.

11-12 жас аралығындағы топта шыққан астаналық Егор Ломакин бірден екі медальді жеңіп алды. Ол брасс әдісі бойынша 50 метрлікте және 200 метрлік қашықтықтағы кешендік жүзуде бірінші болып келді.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: Vesti.kz

Ю. НИКУЛЛИН