Азия ойындарына қатысатын жеңіл атлеттер белгілі болды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Азия ойындарына қатысатын жеңіл атлеттер белгілі болды
Фото ©️ olympic.kz

18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Индонезия елінің астанасы Джакартада Азия ойындары өтеді. XVIII мәрте ұйымдастырылып отырған додаға сары құрлықтың 45 елі қатысады.

БӨЛІСУ

Жеңіл атлетикадан Ұлттық құраманың бас бапкері Григоргий Егоров Джакартада ел намысын қорғайтын жеңіл атлеттердің толық тізімін бекітті. Джакартада ел намысын 33 жеңіл атлет қорғайды. Олардың 28-інің шығынын Ұлттық Олимпиада комитеті көтерсе, қалған бесеуін аймақтық басқармалар қаржыландырмақ.

Сонымен жеңіл атлетикадан Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының толық тізімі:

Ерлер

1.Виталий Земс (1996 ж.,Қарағанды облысы)  – 200 метрге жүгіру, 4х100 метрлік эстафета;
2.Александр Каспер (1994 ж., Астана) – 100 метров, 4х100 метрлік эстафета;
3.Владислав Григорьев (1997 ж.,Қарағанды облысы) – 100 және 200 метрге жүгіру, 4х100 метрлік эстафета;
4.Вячеслав Земс (1998 ж.,Қарағанды облысы) – 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, 4х100 метрлік эстафета;      
5.Давид Ефремов (1999 ж.,Қарағанды облысы) – 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, 4х100 метрлік эстафета;
6.Михаил Литвин (1996 ж.,СҚО) – 400 метрге жүгіру, 4х400 метрлік эстафета, 4х400 метрлік аралас эстафета;
7.Андрей Соколов (1995 ж., ШҚО) – 400 метрге жүгіру, 4х400 метрлік эстафета, 4х400 метрлік аралас эстафета;
8.Дмитрий Коблов (1992 ж., Түркістан облысы) – 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, 4х400 метрлік эстафета, 4х400 метрлік аралас эстафета;
9.Иван Иванов ( 1992 ж., Алматы облысы) – ядр серпу;
10.Никита Филиппов (1991 ж., Алматы) – сырықпен секіру;
11.Сергей Григорьев (1992 ж., Алматы) – сырықпен секіру;
12.Георгий Шейко ( 1989 ж., БҚО) - 20 шақырымға спорттық жүріс;
13.Михаил Красилов (1990 ж., Жамбыл облысы) – марафон;
14.Алексей Гусаров (1995 ж., Алматы) – 800 және 1500 метрге жүгіру;
15.Антон Боднар (1992 ж., Түркістан облысы) – биіктіккке секіру;

Әйелдер

1.Виктория Зябкина ( 1992 ж., Алматы) –100 және 200 метрге жүгіру, 4х100 метрлік эстафета;
2.Ольга Сафронова (1991 ж., Павлодар облысы) –100 және 200 метрге жүгіру, 4х100 метрлік эстафета;
3.Анастасия Виноградова (1986 ж., Алматы ) – 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру;
4.Рима Кашафутдинова (1995 ж.,Қарағанды облысы) – 4х100 метрлік эстафета;
5.Әйгерим Шыназбекова (1992 ж., Алматы) – 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру;
6. Аделина Ахметова (1998 ж.,Қарағанды облысы) – 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, 4х400 метрлік эстафета;
7. Элина Михина (1994 ж., ШҚО) – 400 метрге жүгіру, 4х400 метрлік эстафета, 4х400 метрлік аралас эстафета;
8. Светлана Голендова (1993 ж., Жамбыл облысы) – 400 метрге жүгіру, 4х400 метрлік эстафета, 4х400 метрлік аралас эстафета, 4х100 метрлік эстафета;
9. Любовь Ушакова (1997 ж.,Қарағанды облысы) - 4х400 метрлік эстафета, 4х400 метрлік аралас эстафета;
10. Мерджен Ишангулиева (1988 ж., Қостанай облысы) – 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, 4х400 метрлік эстафета;
11. Ольга Рыпакова (1984 ж., ШҚО) – үш қарғып секіру, ұзындыққа секіру;
12. Ирина Эктова (1987 ж., СҚО) – үш қарғып секіру, ұзындыққа секіру;
13. Надежда Дубовицкая (1998 ж., ШҚО) – биіктікке секіру;
14. Маргарита Мұқашева (1986 ж., СҚО) - 800 метрге жүгіру , 4х400 метрлік эстафета;
15. Татьяна Нерознак (1989 ж., Қостанай облысы) – 1500 метрге жүгіру, 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру;
16. Гүлжанат Жанатбек (1991 ж., Алматы облысы) – марафон;
17. Айман Ратова (1991 ж., Алматы облысы) – 20 шақырымға спорттық жүріс;
18. Диана Айдосова (1995 ж., Алматы) – 20 шақырымға спорттық жүріс.