Португалия жастар құрамасы Еуропа чемпионы атанды

Португалия жастар құрамасы Еуропа чемпионы атанды
Фото: beinsports.cc

Португалия жастар құрамасы 19 жасқа дейінгі футболшылар арасында өткен Еуропа Чемпионатында жеңімпаз атанды. Финляндия алаңында өткен финалда Португалия жастары Италияны жеңді. 

Кездесудің негізгі уақытында ойын тартысты өтіп, тең – 2:2 есебімен аяқталды. Қосымша уақытта да ойын өте тартысты өтіп, 4:3 есебімен Португалия жастары пайдасына шешілді. 

Кездесуде бірінші таймның қосымша уақытында Португалия сапынан Филипе есепті ашса, кездесудің 72-інші минутында Тринкао есепті еселеді. Осыдан соң Италиялықтар да ширақ ойнап, Мойзе Кин ойынның 75-76 минуттарында дубль жасап есепті теңестіріп кетті. 

Қосымша уақытта қос команда бір-біріне кезектесе гол салып отырғанымен ойынның 109-ыншы минутында Педру Коррейя есепті 4:3-ке жеткізіп Португалияға жеңіс сыйлады. Жеңімпаз команданың екі футболшысы – Филипе мен Тринкао Еуро-2018 чемпионатының ең жақсы ойыншылары атанды. 

Айта кетсек, заманауи форматтағы U 19 Еуро чемпионаты 2002 жылдан бері өткізіліп келеді. 16 жыл ішінде Португалия тек екі рет финалға дейін бара алған. 2014-2017 жылдардағы финалда ұтылып қалған болса, 2013 және 2016 жылғы ойында қола медаль иеленген еді. 

Еуропа чемпионаты U19 
Финал 
Италия – Португалия 3:4 (0:1, 2:2)
Голдар: Филипе (0:1), 45+1. Тринкао, 72 (0:2). Кин, 75 (1:2). Кин, 76 (2:2). Филипе, 104 (2:3). Скамакка, 107 (3:3). Коррейя, 109 (3:4).

Т. Раушанұлы