Әлем Мессидің көзімен...

Ла Лига Корреспондент
Әлем Мессидің көзімен...

«El Mundo Deportivo» басылымында Лионель Мессимен болған сұхбат жарияланды. Аталған сұхбатта аргентиналық ойыншы өзін қоршаған ортаның адамдары туралы және бүгінгі күннің өзекті мәселелерін сөз қылыпты.

БӨЛІСУ

Тито Виланова. Бұрыннан көзтаныс адам. «Барсаға» бапкер болады дегенде қатты қуандым. Тито нәтиже шығара алатынын дәлелдеді. Біздер Титомен біріге отырып, үлкен жеңістерге жетеміз деп ойлаймыз.

Хави. Ойыншы ретінде еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін біледі. Себебі, әр үш күн сайын Хавидың ойынын тамашалауға мүмкіндік туады. Және сонымен қатар, ол - тамаша адам. Сол үшін үлкен сыйластықпен қараймын. Ол менің ең жақын досым.

Андрес Иньеста. Дәл осылай Иньесте туралы да айтуға болады. Хави екеуі футболда бір-біріне қатты ұқсайды. Ал мінез-құлыққа келетін болсақ, Иньеста - қарапайым және сыпайы адам. Ол - ұлы адам.

Эрик Абидаль. Абидаль – шын мәнінде де керемет адам. Басынан өткен барлық қиындықтарды күлкімен шығарып салды. Ол бізге күш пен сенім сыйлайды. Негізінде, керісінше болуы керек еді. Ол енді қазір күнде жаттығу жасап, өзін қалыпқа келтіруде. Өз кезегінде бұл деген керемет және бәрімізге қуанышты жаңалық.

Хавьер МаскераноХавьер «Барселона» сапында негізгі ойыншылардың біріне айналды. Алғашында оған көбісі күмәнмен қараған, алайда, ол өзінің мықты ойыншы екенін дәлелдей алды.

Пеле. Оның футболға сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Өз кезегінде футболға ерен еңбек сіңірген санаулы тұлғалардың қатарында. Оның жеке басына келетін болсақ, онда ол туралы жақсы білмегендіктен, ештеңе айта алмаймын.

Диего Марадона. Мен ол туралы көзбен көргенімді ғана айта аламын. Маған оны бапкер мен адам ретінде тануға мүмкіндік туды. Екеуміз жақсы қарым-қатынастамыз.

"Реал Мадрид". Әлемдегі ең мықты командалардың бірегейі. Олармен өткізген ойын керемет те қызық өтеді. Көрермендер үшін үлкен қуаныш десе де болады.

Жозе Моуринью. Ұлы бапкер.

Криштиану Роналду. Ол - ұлы ойыншы. Мен оны адам ретінде әлі білмеймін. Есесіне әлемдегі ең үздік ойыншылардың бірі екенін білемін.

Пепе. Ұлы қорғаушы.

Аргентина. Құрамада капитан болып ойнау жақсы көңіл-күй сыйлайды екен. Маған және менің еліме әлемнің чемпионы болу үлкен жеңіс болар еді.

"Барселона". Бұл - менің үйім. Өзім қатты үйренісіп қалған клубта бұрыннан келемін. «Барселонамен» менің көп нәрсем байланысты.

"Камп Ноу". Әлемдегі ең әдемі стадиондардың бірі. Осы жерде ойнау барлық мүмкіндіктен де жоғары керемет әсер сыйлайды.

Сандро Росель. Ол туралы көп айта алмаймын. «Барсаның» ойыншыларымен арадағы достықтай ол кісімен де жақсы қарым-қатынастамын. Ол – үлгілі президент.

Неймар. Керемет ойыншы. Бразилияда баяғыдан жарқылдап жүр. Бұл әдемі емес пе?!

Отбасы. Отбасы мен үшін ең маңыздысы. Егер ол болмаса Месси қазіргідей болмас еді. Олар қасымда болғандықтан жолым болды деп ойлаймын.

Кедейлік. Шетқақпайлық сияқты. Ешкімге тілемес едім. Құдайға шүкір, бірде-бір рет жолымыз түйісіп көрмепті.

Гол. Гол соққан кезде керемет әсерде боласың. Маған әрқашан осылай істеген ұнайды.

"Алтын доп". Бағыма орай үш рет жеңіп алған айтулы жүлденің бірі. Осы жолы тағы да ұсынылып отырмын. Маған көп нәрседен хабар береді.

Жеңіліс. Футболда да, өмірде де ешқашан ұтылғанды қаламас едім. Маған кішкентай кездегі жеңілістер ұнамайтын, әлі күнге дейін ұнамайды. 

Жеңістер. Бәрі де керісінше. Мен ұтып алуға болатынның бәрін жеңіп алуды армандаймын. Сен жеңіс үшін ойнайсың. Мен мұны жақсы көрем.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек