Қазақстандық таеквондошы жүлдесін Денис Теннің рухына арнады

Қазақстандық таеквондошы жүлдесін Денис Теннің рухына арнады
Фото: olympic.kz

Оңтүстік Кореяның Джеджу қаласында өткен таеквондодан G2 санатындағы рейтингілік "Korea Open" турнирінде Руслан Жаппаров қола медаль еншіледі. Спортшы бұл жүлдесін дүниеден озған Денис Теннің рухына арнады.

Қазақстандық таеквондошы үш кездесуінде де жергілікті спортшылармен күш сынасты. Алғашқы екі қарсыласын 19:17 және 3:2 есебімен жеңсе, жартылай финалда 28:10 есебімен қарсыласына жол беріп алды.

Руслан Жаппаров өз жеңісін Денис Теннің рухына бағыштап, оны еске алу мақсатында есімі жазылған жейде киіп шықты.

Айта кетейік, Руслан 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында Қазақстанның туын ұстап шыққан. 

Ө. Сансызбай