"Тобыл" Еуропа лигасындағы алғашқы ойында жеңіске жетті

"Тобыл" Еуропа лигасындағы алғашқы ойында жеңіске жетті
Фото: Тобыл ФК

Қостанайдың "Тобыл" футбол клубы Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында "Самтредиадан" басым түсті. Тбилисиде өткен кездесуде отандастарымыз алаң иелерін 1:0 есебімен ұтты.

"Тобыл" "Самтредианы" соңғы минутта сан соқтырды. Негізгі уақытқа қосылған 5 минутта Максим Фединнің соққан голы отандастарымызға жеңіс сыйлады. Оның алыс қашықтықтан тепкен добы грузиялық клуб қақпасында тулады.

Қос команда арасындағы қарымта кездесу 19 шілде күні Қостанайда өтеді. Ойын Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.

Айта кетейік, биылғы Еуропа лигасына Шымкенттің "Ордабасы" клубы қатысуы керек еді. Алайда бұл клуб қатысу сертификатын иелене алмады.

Н. Үсенова