Бүгін Астанада Бейбіт Шүменов пен Хизни Алтункая арасында жекпе-жек өтеді

Тұрсынбек Раушанұлы Корреспондент
Бүгін Астанада Бейбіт Шүменов пен Хизни Алтункая арасында жекпе-жек өтеді
Фото ©️ prosports.kz

Бүгін Астанада қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов пен Хизни Алтункая арасында жекпе-жек өтеді. Шүменов пен Алтункая кездесуінде боксшылар бірінші ауыр салмақтың WBA тұрақты белбеуіне таласады. Бокс кеші Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады. Ал Шуменов-Алтунка жекпе-жегі 20:00-де болады. Елордадағы бокс кешін тікелей эфирде Qazsport және Қазақстан телеарналары көрсетеді.

БӨЛІСУ

Бокс кешінде барлығы 11 жекпе-жек өтеді деп жоспарланып отыр.

Жекпе-жектер

12 раунд, бірінші ауыр салмақ дәрежесі, (90,718 келіге дейін)

Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО, Қазақстан) – Хизни Алтункая (30-1, 17 КО, Түркия) – WBA чемпиондық айқасы,

10 раунд, екінші орта салмақ дәрежесі, (76,203 келіге дейін)

Айдос Ербосынұлы (7-0, 6 КО, Казахстан) – Исмат Эйнуллаев (13-3, 9 КО, Әзірбайжан) – WBA Азия аймақтық белбеуі;

8 раунд, бірінші орта салмақ дәрежесі, (90,718 келіге дейін)

Уәлихан Бисенқұлов (5-0, 5 КО, Қазақстан) – Анар Абдуллаев (2-2, 2 КО, Әзірбайжан),

6 раунд, бірінші орта салмақ дәрежесі (69,85 келіге дейін)

Бобиржан Моминов (6-0, 5 КО, Қазақстан) – Георгий Блиадзе (7-6, 2 КО, Грузия)

6 раунд, Бірінші ауыр салмақ дәрежесі (90,718 келіге дейін)

Али Балоев (4-0, 3 КО, Қазақстан) – Казим Умудов (2-0, 1 КО, Әзірбайжан)

4 раунд, екінші аса жеңіл салмақ дәрежесі (55,225 келіге дейін)

Айдын Елжанов (4-1, 3 КО, Қазақстан) – Асқар Рагимов (2-1, 1 КО, Әзірбайжан)

4 раунд, екінші орта салмақ дәрежесі (76,203 келіге дейін)

Арман Рысбек (3-0, 2 КО, Қазақстан) – Сандро Терашвили (4-1, 2 КО, Грузия)

4 раунд, екінші орта салмақ дәрежесі (76,203 келіге дейін)

Диас Тастеміров (2-0, 2 КО, Қазақстан) – Элвин Ахунзада (4-0, 2 КО, Әзірбайжан)

4 раунд, бірінші ауыр салмақ дәрежесі (90,718 келіге дейін)

Еділ Қожамбердиев (3-2, 3 КО, Қазақстан) – Сергей Белошапкин (11-27-1, 3 КО, Ресей)

4 раунд, екінші орта салмақ дәрежесі (76,203 келіге дейін)

Ибрагим Ескендіров (3-0, 3 КО, Қазақстан) – Серік Ажибаев (0-1, Ресей)

4 раунд, екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесі (58,967 келіге дейін)

Міржан Рахымжанов (дебют) – Александр Салтыков (11-48-3, 6 КО, Ресей)