Буффон Париждің ПСЖ командасына ауысты

Буффон Париждің ПСЖ командасына ауысты
Фото: psg.fr

Әйгілі италиялық қақпашы Джанлуиджи Буффон футболдағы мансабын Париждің ПСЖ командасында жалғастырады. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Париждік клуб 40 жастағы қақпашымен бір маусымға келісімшарт жасасқан. Ойыны үйлесіп жатса тағы бір жылға ұзартуы мүмкін. Италия және Франция елдері басылымдарының мәліметі бойынша, қақпашы 8 миллион еуро көлемінде еңбекақы алады. Сондай-ақ  қосымша сыйақылар қарастырылған.

Айта кетейік, Джанлуиджи Буффон "Ювентус" сапында 17 жыл ойнап, 656 ойынға қатысқан. 301 ойында өз қақпасына гол соқтырмаған. 17 чемпиондық атаққа ие болған.

Ө. Сансызбай