Бейбіт Шүменов Түркістан облысының құрметті азаматы атанды

Бейбіт Шүменов Түркістан облысының құрметті азаматы атанды
Фото: iSport.ua

Екі бірдей салмақта чемпион атанған қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) жаңадан құрылған Түркістан облысының құрметті азаматы атанды. Бұл шешімді өңірдегі мәслихат депутаттары қолдаған.

"Құрметті азамат атағы" - ел мен өңірдің дамуы мен танылуында ерекше еңбек сіңірген жандарға беріледі. Сонымен қатар азаматтардың қоғамдағы белсенділігін арттырып, облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуына қосқан үлесін ұлықтап, өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм үлгісінде тәрбиелеуді көздейді. Бұл атақ өмір бойына беріледі. Сотты болған жағдайда ғана атағынан айырылады.

Айта кетейік, 19 маусым күні Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» жарлыққа жария түрде қол қойған еді. Шымкент - республикалық маңызы бар қала атанып, сондай-ақ Түркістан облысы құрылған еді.

Н. Үсенова