"Астананың" Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы анықталды

О Сансызбай Корреспондент
"Астананың" Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы анықталды
Фото ©️ Астана ФК

Футболдан 2018/2019 маусымдағы Чемпиондар лигасына іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Швейцарияның Ньон қаласында өткен салтанатты шарада "Астана" футбол клубының маусымдағы алғашқы қарсыласы белгілі болды.

БӨЛІСУ

Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде отандастарымыз Черногорияның "Сутьеска" клубымен кездеседі. Бірінші ойын - Астанада, қарымта кездесу Никчыш (Черногория) қаласында өтеді.

Командалар арасындағы ойындар 10/11 және 17/18 шілдеге жоспарланған. Нақты уақыты алдағы уақытта белгілі болады.

Қос ойын қорытындысы бойынша жеңілген команда жарысты Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде жалғастырады. Ал жеңіске жеткен команда екінші іріктеу кезеңінде Данияның "Мидьюлланд" клубымен кездеседі.