Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты үш елде өтеді

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты үш елде өтеді
Фото: vk.com

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада мен Мексика елдерінде өтетін болды. Жарыс өтетін ел бүгін Мәскеуде өтіп жатқан ФИФА конгресінде дауыс беру арқылы анықталды.

Мундиальды АҚШ, Канада мен Мексика бірлесе өткізуге өтініш берсе, Марокко да әлем чемпионатын өткізуге ұсыныс жасаған еді. Дауыс беру қорытындысы бойынша алғашқы үш ел жеңіске жетті. АҚШ, Канада мен Мексика кандидатурасын 134 ұлттық федерация қолдаған. Ал Мароккоға 65 дауыс берілген.

Әлем чемпионаты алғаш рет үш елде өтеді. Ал оған дейін 2022 жылғы дода Катарда болады.

АҚШ-та осыған дейін де әлем чемпионаты ұйымдастырылған. 1994 жылғы жарыста Бразилия құрамасы чемпион атанған болатын.

Сайтымыздың жаңалықтарын Telegram желісінен оқу үшін суреттің үстіне басыңыз.

Ө. Сансызбай