Президент кубогында қазақ боксшылары 10 алтын медаль еншіледі

О Сансызбай Корреспондент
Президент кубогында қазақ боксшылары 10 алтын медаль еншіледі
Фото ©️ Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Астанада ұйымдастырылған VI ҚР Президенті кубогы халықаралық турнирі аяқталды. 15 елдің былғары қолғап шеберлері бақ сынаған додада қазақ боксшылары 10 алтын медаль жеңіп алды.

БӨЛІСУ

Ерлер әуесқой бокстағы 10 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздарды анықтаса, әйелдер арасында 51, 57, 60 және 75 кг салмақта жекпе-жектер өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 10 алтын, 6 күміс, 12 қола медальмен жалпы есепте жеке дара көш бастады. Ең үздік боксшыларын додаға қосқан Өзбекстан құрамасы 1 алтын 2 күміс 4 қола медаль еншілеп қайтты. Ал Олимпиада чемпиондары Хасанбой Дусматов жүлделі орынға іліге алмаса, Шахобиддин Зоиров қола жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ресей, Швеция мен Жапония құрамалары да бір-бір алтын жүлдеден еншіледі.

ҚР Президенті кубогы турнирі – Азия ойындары алдындағы тамаша жарыс болды. Жарысқа қатысушы елдер боксшыларының соңғы дайындықтарын байқады. Ұлттық құрамадада қазақстандық боксшылар өзара кездесіп, кімнің бабында екенін көрдік. Олай болса жарыс қорытындысымен таныс бола отырыңыздар:

VI ҚР Президенті кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Әйелдер

51 кг

I Намики Цукими (Жапония)
II Раксат Чутамат (Тайланд)
III Назым Қызайбай (Қазақстан), Ши Цян (Китай)

57 кг

I Сәния Сұлтанқызы (Қазақстан)
II Хирута Мизуки (Жапония)
III Владислава Кухта (Қазақстан), Дәметкен Келімбет (Қазақстан)

60 кг

I Римма Волосенко (Қазақстан)
II Айжан Ходжабекова (Қазақстан)
III Приянка Чодари (Үндістан), Карина Ибрагимова (Қазақстан)

75 кг

I Лав Холгерссон (Швеция)
II Дариға Шәкімова (Қазақстан)
III Сания Әлжанова (Қазақстан), Ван Лина (Қытай)

Ерлер

49 кг

I Теміртас Жүсіпов (Қазақстан)
II Жомарт Ержан (Қазақстан)
III Лалбиаккима Нутлаи (Үндістан), Василий Егоров (Ресей)

52 кг
I Әнуар Музаппаров (Қазақстан)
II Ладон Роген (Филиппин)
III Баба Рюсеи (Жапония), Сивах Сахин (Үндістан)

56 кг

I Қайрат Ералиев (Қазақстан)
II Дюк Рейген (АҚШ)
III Шахобиддин Зоиров (Өзбекстан), Ілияс Сүлейменов (Қазақстан)

60 кг

I Габил Мамедов (Ресей)
II Шункор Абдурасулов (Өзбекстан)
III Ерденбат Ценбаатар (Моңғолия), Закир Сафиуллин (Қазақстан)

64 кг

I Бекдаулет Ибрагимов (Қазақстан)
II Икболжон Холдаров (Өзбекстан)
III Вуттичай Масук (Таиланд), Алиёр Норалиев (Өзбекстан)

69 кг

I Асланбек Шымбергенов (Қазақстан)
II Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан)
III Махмуд Гаипов (Өзбекстан), Арди Сэйлом (Таиланд)

75 кг

I Әбілхан Аманқұл (Қазақстан)
II Ерік Әлжанов (Қазақстан)
III Исраил Мадримов (Өзбекстан), Адам Чартои (Швеция)

81 кг

I Бектемір Меликузиев (Өзбекстан)
II Бек Нұрмағанбет (Қазақстан)
III Бекзад Нұрдаулетов (Қазақстан), Имам Хатаев (Ресей)

91 кг

I Абзал Кұттыбеков (Қазақстан)
II Садам Магомедов (Ресей)
III Василий Левит (Қазақстан), Антон Пинчук (Қазақстан)

+91

I Қамшыбек Коңкабаев (Қазақстан)
II Максим Бабанин (Ресей)
III Айболды Дәуренұлы (Қазақстан), Нұрлан Сапарбай (Қазақстан).