Қазақстан жастар құрамасы Әзірбайжанмен тең түсті

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан жастар құрамасы Әзірбайжанмен тең түсті
Фото ©️ kff.kz

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Әзірбайжаннан келген замандастарымен тең түсті. Астанада өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

БӨЛІСУ

Ойында бірінші болып қонақтар гол соқты. 33 минутта Сертан Ташкынның тепкен добы Қазақстан жастар құрамасының қақпасынан табылды. 80 минутта "Қайрат" клубының қорғаушысы Айбол Әбікен пенальтиді сәтті орындап, таразы басын теңестірді.

Ойын аяқталар тұста қазақстандық жастардың жеңіске жетуіне зор мүмкіндігі болған. Алайда қонақтар қақпашысы қырағылық танытып, тең есепті сақтап қалды.

Айта кетейік, ертең "Астана Аренада" Қазақстан мен Әзірбайжан ұлттық құрамалары жолдастық кездесу өткізеді.