Юлия Путинцева "Роллан Гарростың" ширек финалына шықты

Юлия Путинцева "Роллан Гарростың" ширек финалына шықты
Фото: Eurosport

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Франция ашық чемпионатының (Роллан Гаррос) ширек финалына шықты. Отандасымыз жарыстағы үшінші ойынында чех теннисшісі Барбара Стрыцованы жеңді.

Теннисшілер арасындағы ойын 1 сағат 31 минутқа созылды. Юлия 6:3 және 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Юлия Путинцева WTA рейтингінде 98-ші орынға жайғасқан. Ал 32 жастағы Барбара Стрыцова 26-шы орындағы теннисші еді.

Отандасымыз ширек финалға шыққаны үшін кем дегенде 380 000 еуро алады. Бұл теңгеге шаққанда 147 миллионнан астам қаржыны құрайды.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші 2016 жылы да ширек финалға жеткен болатын. 1/8 финалда қарсыласын шаң қаптырған Юлия енді 5 маусым күні ширек финалда америкалық теннисші Мэдисон Кизбен кездеседі. Ол WTA рейтингінде 13-орында тұрған теннисші. 

Ө. Сансызбай