Қазақ күресінен Еуропа чемпионаты басталды

Қазақ күресінен Еуропа чемпионаты басталды

Сербияның Зренянин қаласында қазақ күресінен 4 Еуропа чемпионаты басталар күннің алдында төрешілермен семинар-кеңес болып өтті. Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының ұйымдастырумен өткелі отырған бұл аламан жарысқа 17 елден командалар келіп қатысуға ниет білдірді. Еуропа біріншілігінде ерлер 6 салмақта және әйелдер де 6 салмақ дәрежелері бойынша төл күресімізден сынға түсетін болады.

Бүгінде Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының өрелі еңбегінің нәтижесінде, әлемнің 5 құрлығында 30 астам мемлекетте төл күресімізден федерациялар ашылған. Ата күресімізден 7 әлем, 11 Азия чемпионаты, 3 Әлем кубогі және 4 рет міне Сербияда Еуропа біріншілігі ұйымдастырылып, қазақ күресі жыл сайын даму үстінде.

Сонымен Сербияда жалауын көтергелі отырған байрақты жарыс алдында әрбір елден келген бапкерлер мен төрешілердің бас қосуымен алқалы отырыс болып өтіп, жарыстың жоғары деңгейді өтуі туралы пікір айтысып, пысықталды. Бұл семинар кеңесті жүргізген Азия құрлығының қазақ күресі федерациясының бас хатшысы, халықаралық дәрежедегі төреші Рафаэль Хабиров: төрешілерге қазақ күресінің ережелері туралы дайындаған бейнебаянды саралап көрсетіп, анықтап түсіндіріп берді. Ия, әрбір өткен үлкен жарыстарда қазылық ететін төрешілердің біліктілі жоғары болуы өте маңызды. Өйткені, ата күресіміз туралы Дүниежүзілік қазақ күресі федерацмясының бектіп оны Біріккен күрес әлемі мойындап көп жылдан бері іске асырылып келе жатқан негізгі ережемізді халықарлық деңгейде дұрыс қолданылуы боз кілемде төрелік етушілерге тікелей байланысты. Өмір болған соң барлығы болып жатады. Кейбір кездері ережеге жеңіл қарағандықтан балуанның бағы байланып арты өкіншпен аяқталатын сәттер болады.

Сондықтан темірдей тәртіп арқылы қалыптасқан қазақ күресі ережесін дұрыс қолдануда төрешілерге артылар сынның жүгі ауыр. Семинар-кеңестің барысында қазақ күресінің ұлттық дәстүрлі ат әбзелдерінің бірі қамшының да төреші қолында атқарар қызметі сөз етілді. Әрине, қамшы егер бозкілемнің шетінде тұрған балуанның бапкері, төрешінің шешіміне көңілі толмаған жағдайда көтеретіндігі белгілі. Сондықтан да Азия құрлығының қазақ күресі федерациясының бас хатшысы, халықаралық дәрежедегі төреші Рафаэль Хабиров осы мәселеге де ерекше тоқталып өтіп, төрелік еткенде ұмытпауларына назар аударды. Сонымен қазақ күресіміздің ережелері жіптей тізіліп айтылып, төрешілер өздеріне қажетті ақпаратты толықтай ала білді. Енді осы семинар-кеңестен ойларына түйіп алғандарын ертең байрақты сында еш қатесіз жол-жүйесімен қолданатын болады.

Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ
Сербия. Зренянин қаласы

Н. Үсенова