Юлия Путинцева "Роллан Гарростың" 1/8 финалына шықты

Юлия Путинцева "Роллан Гарростың" 1/8 финалына шықты
Фото: Reuters

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Франция ашық біріншілігі ("Роллан Гаррос") турнирінің 1/8 финалына шықты.

Доданың үшінші айналымында отандасымыз қытайлық Ван Цянмен кездесіп, 1:6, 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте қазақстандық теннисші 0:4, ал үшінші сетте 0:3 есебімен жеңіліп тұрып, жеңіске бастар жолды таба білді. Кездесу 2 сағат 19 минутқа созылды. 

WTA рейтингінде Юлия Путинцева 98 сатыда тұрса, Цян 85-орында. Бұл ойыннан кейін екі теннисшілер арасындағы кездесудің жалпы есебі теңесті (1:1). 

"Ролан Гаррос-2018" турнирінің төртінші айналымында Юлия Путинцеваның Катерина Синякова мен Барбара Стрыцова арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі. 

Н. Үсенова