"Астана" футбол клубына жаңа бас жаттықтырушы тағайындалды

"Астана" футбол клубына жаңа бас жаттықтырушы тағайындалды
Фото: cbcsport.tv

"Астана" футбол клубының бас жаттықтырушысы қызметіне украиналық маман Роман Григорчук келді. Жаңа бапкерді Астанада өткен баспасөз мәслихаты кезінде клуб президенті Саян Хамитжанов таныстырды.

Клуб пен жаттықтырушы екіжылдық келісімшартқа қол қойған. Ал Станимир Стойловтан кейін команданы жаттықтырған Григорий Бабаян бас жаттықтырушының бірінші көмекшісі болып қала береді. 

Роман Иосифович үш түрлі клубпен Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыққан өте тәжірибелі маман. Латвияның "Венспилс", Украинаның "Черноморец" және Әзірбайжанның "Габала" (екі рет) клубтарын осы бір еурокубок додасында алға сүйреген. 2013/2014 жылғы маусымда одессалық клубпен аталмыш турнирдің 1/16 финалына жолдама алған.

Одан бөлек украиналық маман үш мәрте Латвия чемпионатында топ жарып, екі мәрте Балқан түбегі елінің кубогында жеңіске жеткен. Сондай-ақ Әзірбайжан чемпионатында екі рет күміс, екі рет қола жүлдені жеңіп алған.

Ал жекелей марапатқа келер болсақ, Роман Григорчук үш мәрте Латвияның үздік жаттықтырушысы атанған. Украина және Әзірбайжан елдерінде де бір-бір реттен осы жетістікке қол жеткізген.

Роман Иосифович Григорчук

Туған күні: 22/03/1965 (53 жаста)
Азаматтығы: Украина
Білімі: жоғары
Жаттықтырушылық лицензиясы: PRO UEFA
Футболшы ретіндегі еңбек жолы: 1988 – 2000 жылдары мына клубтарда ойнаған: "Прикарпатье" (Ивано-Франковск), "Санкт-Пельтен" (Австрия), "Петрохимия" (Польша), "Сатурн" (Раменское, Ресей), "Кривбасс" (Украина), "Динабург" (Латвия)

Жаттықтырушы ретіндегі еңбек жолы:

1999-2005 "Динабург" (Латвия)
2005-2009 "Венстпилс" (Латвия)
2009-2010 "Металлург" (Запорожье, Украина)
2010-2014 "Черноморец" (Одесса, Украина)
2014-2018 "Габала" (Әзірбайжан)

Жетістіктері:

2006, 2007, 2008 Латвия чемпионы
2005, 2007 Латвия кубогының иегері
2006, 2007, 2008 Латвияның үздік бапкері
2012/13 Украина кубогының финалисті
2012/13 Украинаның үздік бапкері
2014/15, 2015/16 Әзірбайжан чемпионатының қола жүлдегері
2016/17, 2017/18 Әзірбайжан чемпионатының күміс жүлдегері
2016/17, 2017/18 Әзірбайжан Кубогының финалисті
2015/16 Әзірбайжанның үздік бапкері

УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шыққан жылдары:

2009/10 "Вентспилс" (Латвия)
2013/14 "Черноморец" (Одесса, Украина)
2015/16, 2016/17 "Габала" (Әзірбайжан)
2013/2014 жылғы маусымда "Чернаморец" (Одесса) клубымен УЕФА Еуропа лигасының 1/16 финалына жолдама алған.

О. Сансызбай