Қазақстандық таеквондошылар Азия чемпионатында 4 жүлде еншіледі

Қазақстандық таеквондошылар Азия чемпионатында 4 жүлде еншіледі
Фото: confederation.kz

Вьетнамның Хошимин қаласында таеквондодан Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы 1 алтын 1 күміс 2 қола медаль еншілеп қайтты.

Жарысқа Қазақстан құрамасы сапында бас жаттықтырушы Ю Енг Джин мен аға жаттықтырушы Батырбек Есдәулетов бастаған 16 таеквондошы аттанған болатын. Жарыстың алғашқы күні 54 кг салмақта Айтуар Шайкенов қола жүлдеге қол жеткізді. Артынша 87 кг салмақ дәрежесінде Смайыл Дүйсебай Азия чемпионы атанды. Финалда отандасымыз 2014 жылғы Азия чемпионы, 2015 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері өзбек Жасур Байкузиевті 18:11 есебімен жеңді.

Жарыстың соңғы күні Қазақстан құрамасының қоржыны тағы екі медальмен толықты. 73 кг салмақта Мереке Жүнісова қола медальға ие болса, 87 кг-да Руслан Жапаров күміс жүлде еншіледі.

Айта кетейік, Австрияның Инсбрук қаласында таеквондодан кадеттер арасында халықаралық «Austrian Open 2018 G1» турнирі де аяқталды. Қазақстан құрамасы жарыс қорытындысы бойынша 5 медаль иеленді (3 алтын, 2 қола).

Рита Бакишева (37 келі), Бекзат Тілегенов (61 келі) және Мақсатбек Абдуақитов (65 келі) чемпион атанса, Ажара Аубакирова (44 келі) мен Ромина Белиалова (59 келі) қола медальді қанағат тұтты. 

 

Ө. Сансызбай