Френк Лэмпард жарақатына байланысты төрт ойында алаңға шықпайды

Френк Лэмпард жарақатына байланысты төрт ойында алаңға шықпайды

«Челси» командасының вице-капитаны Френк Лэмпард «Шахтер» командасымен болған ойында алған жарақатына байланысты 4 матчқа қатыспайтын болды. Бұл туралы Еуроспорт агенттігі хабарлайды.

Чемпиондар Лигасы аясында өткен кездесуде «Челси» командасының жартылай қорғаушысы Лэмпард жарақат алып, ойынды жалғастыра алмады. Енді ол жарақаты жазылғанша алда болатын ойындарға қатыса алмайды. Лэмпард «Манчестер Юнайтедпен» өткен ішкі біріншіліктегі ең маңызды ойындардың бірін өткізіп те жіберді. «Челси» командасы дәрігерлерінің айтуынша, Фрэнк алдағы «Шахтермен» болатын қарымта кездесуде және ұлттық құрама сапында әлем біріншілігіне іріктеу ойындарында да өз командасына көмектесе алмайды. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: avtopravda.com

Ю. НИКУЛЛИН