Премьер-лига.

Премьер-лига. "Ордабасы" үшінші ойын қатарынан ұтылды

Футболдан ел премьер-лигасының ХІ тур ойындары аяқталды. Маусымды сәтті бастаған "Ордабасы" соңғы үш ойында ұпайсыз қалып отыр.

Шымкентте өткен ойында алаң иелері Қостанайдың "Тобыл" клубына есе жіберді. Ойында қонақтарға жеңіс сыйлаған голды 20 минутта Бауыржан Тұрысбек соқты. "Тобыл" соңғы үш турда жеңіске жетіп келеді.

"Астана" өз алаңында "Ақтөбені" 3:1 есебімен ұтты. Ойында алаң иелері сапынан Джордже Деспотович, Марин Томасов пен Дмитрий Шомко гол соқса, Рейналдо "Ақтөбенің" бір голын еншісіне жазып қайтты.

Алматыда "Қайрат" Қарағандының "Шахтер" клубын 2:0 есебімен айқын ұтты. Бірінші таймда Гафуржан Сүйімбаев "кеншілер" қақпасы алдындағы қарбаласта мергендігімен көзге түсті. Екінші таймда алаңға шыққан Бауыржан Исламхан 79 минутта гол соғып, жергілікті жанкүйерлерді қуантты.

Павлодарда "Ертіс" "Қызылжарды" 5:0 есебімен ойсырата ұтты. Оралда "Ақжайық" "Жетісудан" 2:0 есебімен басым болды. Ал Қызылордада өткен "Қайсар" мен "Атырау" клубтары арасындағы ойында гол соғылмады.

ХІІ тур ойындары 27 мамырда өтеді.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы