Қазақстанда тұңғыш рет хоккейден әлем чемпионаты өтеді

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстанда тұңғыш рет хоккейден әлем чемпионаты өтеді
Фото ©️ IIHF

Қазақстанда тұңғыш рет хоккейден әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Қазақстан хоккей федерациясы хабарлады.

БӨЛІСУ

- 17 мамыр күні Копенгагенде (Дания) Халықаралық шайбалы хоккей қауымдастығының жылдық Конгрессі басталды. 2019 жылғы әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы А тобы ойындарын өткізуге Қазақстан мен Словения өтініш берген.

Бүгін Конгрессте дауыс беру рәсімі өтіп, Қазақстан әлем чемпионатын өткізу құқығын жеңіп алды!

Қазақстанда тұңғыш рет хоккейден ерлер арасындағы бірінші дивизионның А тобындағы әлем тартысы өтеді, - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, бірінші дивизиондағы құрамалары элиталық дивизион жолдамасына таласады. Жарыс 2019 жылдың 29 сәуірі ме 5 мамыры аралығында "Барыс Аренада" өтеді. Қазақстан, Беларусь, Оңтүстік Корея, Венгрия, Словения мен Литва елдерінің құрамалары өзара мықтыны анықтайтын болады.

Қазақстан ұлттық құрамасы 2015 жылдан бері элиталық дивизионға шыға алмай келеді.