Ағайынды Кличколар немістің RTL телеарнасымен келісімшарт жасады

ЮРИЙ НИКУЛЛИН Корреспондент
Ағайынды Кличколар немістің RTL телеарнасымен келісімшарт жасады

Немістің Bild басылымының хабарлауынша, аса ауыр салмақтағы әлемнің чемпиондары Виталий Кличко (WBC) және Владимир Кличко (WBA, IBF және WBO) немістің RTL телеарнасымен бес кездесуге шартнама жасасты.

БӨЛІСУ

Келісімшарт бойынша, әрбір кездесуде украиналық боксшылар 3 миллион еуро көлемінде еңбекақы алып тұрады. Жалпы бұл бес кездесуде ағайынды жігіттер өздерінің есепшоттарын қосымша табыстарымен есептегенде 20 миллион еуроға дейін толықтыра алады. "Телеарна басшылары үшін бес кездесуде ағайынды былғары қолғап шеберлерінің рингке қайсысы шыққаны маңызды емес. Бастысы, шартнамадағы бес кездесу өтсе болғаны", - дейді Bild басылымы.

Айта кетейік, ағайындылардың кішісі, Владимирдің жуық арадағы кездесуі 10 қарашаға белгіленген. Ол Германияның Гамбург қаласында поляк жігіті Мариуш Вахқа қарсы кездесу өткізеді.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: 062.ua