Жас қазақ дзюдошылары Азия чемпионатында 14 медаль жеңіп алды

О Сансызбай Корреспондент
Жас қазақ дзюдошылары Азия чемпионатында 14 медаль жеңіп алды
Фото ©️ 7sunews.kz

Дзюдодан Ливан елінің астанасы Бейрутта ұйымдастырылған жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстаннан барған 20 дзюдошының 14-і жүлделі орыннан көрінді.

БӨЛІСУ

Сары құрлықтың басты додасына 22 елден 200-ге жуық жас дзюдошы қатысты. Отандастарымыз сәтті өнер көрсетіп, 3 алтын 6 күміс 5 қола медальға қол жеткізді.

Аңсарбек Ғайнуллин (73 кг), Ғалия Тынбаева (48 кг) мен Аида Карчаева (57 кг) жастар арасында Азия чемпионы атанды. Мәлік Темірсұлтанов (90 кг), Адия Сайын (44 кг), Ақмарал Науатбек (48 кг), Диана Аипова (52 кг), Камила Берліқаш (+78 кг) пен Мөлдір Нарынова (-70 кг) күміс жүлдеге ие болды. Ал Алмас Ғалымов (60 кг), Бауыржан Нарбаев (60 кг), Болат Біләл (55 кг), Ерасыл Болат (90 кг) пен Назерке Тілеуханова (-78 кг) қола жүлде еншілеп қайтты.

Айта кетейік, бірер күн бұрын Бейрутта кадеттер арасында өткен Азия чемпионатында отандастарымыз 6 алтын, 5 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған болатын.