ПСЖ футбол клубына жаңа бас бапкер келді

ПСЖ футбол клубына жаңа бас бапкер келді
Фото: PSG - Paris Saint-Germain

Францияның ПСЖ футбол клубын Томас Тухель жаттықтыратын болды. Бұл туралы париждік команданың ресми сайты хабарлады.

Неміс жаттықтырушысы командамен екіжылдық келісімшартқа қол қойған. Ол осыған дейін Дортмундтың "Боруссия" клубын жаттықтырып келген еді.

44 жастағы маман 2009-2014 жылдар аралығында "Майнц" командасының бас жаттықтырушысы болған.

Томас Тухель ПСЖ клубында Унаи Эмериді алмастырды. Ол париждік команданы екі маусым жаттықтырды. Бір рет Франция чемпионатын, Франция Суперкубогы, лигасы кубогы мен кубогын екі реттен жеңді.

Ө. Сансызбай