"Ордабасы" екінші ойын қатарынан ұтылды

"Ордабасы" екінші ойын қатарынан ұтылды
Фото: ORDAFANS (vk.vom)

Футболдан ел премьер-лигасының Х турындағы соңғы ойын "Жетісу" мен "Ордабасы" командалары арасында өтті. Талдықорғанда болған кездесуде алаң иелері 4:2 есебімен жеңіске жетті.

Шымкенттік команда өткен турда "Қайраттан" ұтылған болатын. Бүгін "Жетісуға" есе жіберіп турнир кестесінде 4-орынға сырғыды.

Ойында талдықорғандық команда сапында Милан Бойович үш гол соғып, хет-трик жасады. Бір голды Манта Куклис соқты. Ал "Ордабасы" сапынан екі голды да Джамбули Джигаури өз еншісіне жазды.

ХІ тур ойындары 19 мамыр күні өтеді. "Ордабасы" Шымкентте "Тобылмен" ойнаса, "Жетісу" түзде "Ақжайықпен" кездеседі.

Ө. Сансызбай