Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Қанат Ислам жапон боксшысымен жұдырықтасады

Қанат Ислам жапон боксшысымен жұдырықтасады

Қанат Ислам жапон боксшысымен жұдырықтасады

Бірінші орта салмақта бақ сынайтын қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 14 тамызда жапон боксшысы Йошихиро Камегаимен (27-4-2, 24 КО) жұдырықтасады. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады.

Жекпе-жек АҚШ-тың Калифорния штатында өтеді. Ал қай қалада және қай аренада болатыны әзірге белгісіз.

35 жастағы жапон боксшысы өткен жылдың тамыз айында пуэрто-рикалық боксшы Мигель Коттомен жұдырықтасқан. Төрешілер шешімі бойынша қарсыласына есе жіберген. Карсонда өткен бұл кездесуде WBO тұжырымы бойынша чемпиондық бос белбеуге таласқан еді.

Йошихиро Камегаи кәсіпқой бокста 33 жекпе-жек өткізген. 27 рет жеңіске жеткен. 24 қарсыласын нокаутпен ұтқан. 4 рет жеңіліп, 2 рет қарсыласымен тең түскен.

Айта кетейік, Қанат Ислам ақпан айында танымал менеджер Эгис Климаспен келісімге келіп, АҚШ-тағы жаттығуын бастаған еді.

Қанат 2011 жылдан бері кәсіпқой бокста қазақ елінің атынан бақ сынап келеді. Ал оған дейін Қытай елінде жүріп Олимпиада ойындарының (2008 ж) және әлем чемпионатының (2007 ж) қола жүлдегері атанды.

Қазақ боксшысы соңғы кездесуін 2017 жылдың 9 қыркүйегінде Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерін сақтап қалған-ды.

Фото: Kanat Islam Team
Қосылған күні: 13 мамыр, 23:14
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.