"Барселона" Иньестаның орнын басар ойыншы тапты - БАҚ

О Сансызбай Корреспондент
"Барселона" Иньестаның орнын басар ойыншы тапты - БАҚ
Фото ©️ Vivaronews

"Барселона" футбол клубы маусым соңында командадан кететін футболшы Андрес Иньестаның орнын басар ойыншы іздеуде. Команданың басты назарына "Наполи" жартылай қорғаушысы Жоржиньо іліккен.

БӨЛІСУ

Sky Sports басылымы ақпараты бойынша каталондық клуб Италия құрамасының ойыншысына айрықша қызығушылық танытып отыр екен.  Жоржиньоның техникалық шеберлігі мен ойын стилі "Барселонаның" ойын мәнеріне келіңкірейді. Бұл оның жаңа командаға жылдам бейімделуіне жол ашады. 

Футболшының трансферлік құны 40 миллион евроға бағаланып отыр. Жоржиньо осы маусымда 37 ойынға қатысып, 4 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, Андрес Иньеста осы маусым соңынан командадан кетеді. Ол – "Барселонаның" түлегі. Каталондық клуб сапында 8 рет Испания чемпионы атанды. 4 рет Чемпиондар лигасында, 5 рет Испания кубогын, 7 рет Суперкубокты жеңіп алды. Испания ұлттық құрамасы сапында 2010 жылы әлем чемпионы атанды. 2008 және 2012 жылдары Еуропа чемпионатында топ жарды.