Мартиросян: Пойыз қағып өткендей болды

Мартиросян: Пойыз қағып өткендей болды
Фото: prosports.kz

Головкин мен Мартиросянның Карсонда өткен жекпе-жегі қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. Армения жерінің тумасы үшін бұл жеңіліс спорттық мансабындағы алғашқысы болып отыр.

«Мені пойыз қағып өткендей болды. Бір ғана соққысы емес, барлық соққысы күшті болды. Маған ешқашан мұншама қатты соққы берген емес», – дейді Мартиросян.

Сондай-ақ, ол Канелоның неліктен допинг қолданғанын түсінетінін айтты.

“Канело” әлі көп нәрсені дәлелдеуі тиіс. Енді мен оның неліктен “ондай ет жегенін” түсініп отырмын”, – дейді Мартиросян.

Айта кетсек, Головкин 20-сыншы рет өзінің чемпион титулын қорғап, әлемдік бокс бойынша тарихи рекорд орнатты.

дереккөз: prosports.kz

Т. Раушанұлы