Головкин:

Головкин: "Тоғыз жыл бойы чемпионмын, белбеулерім толып жатыр. Жігіттер, қолдарыңнан келсе, келіп алып кетіңдер"

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық Ванес Мартиросянды екінші раундта нокаутпен жеңгеннен кейін өз пікірімен бөлісті.

"Тамаша күйдемін. Қазақстандық достарыма көп рақмет, қолдаған барша адамға рақмет! Ванес - тамаша боксшы, бірнеше жақсы соққысын дарытты. Бірінші раундта кездесу қиын болады деп ойладым, бірақ екінші раундта бәрі де бітті. Бұл Синко де Майоға орай керемет сый болды", - деді Головкин рингте.

Сонымен қатар, ол жақсы қарсылас іздейтінін мәлімдеді. "Қыркүйекте "Канеломен" реванш дейсіз бе? Ол дайын болса, біз дайын. Кіммен болса да жұдырықтасуға дайынмын. Тоғыз жыл бойы чемпионмын, белбеулерім толып жатыр. Жігіттер, қолдарыңнан келсе, келіп алып кетіңдер", - деп мәлімдеді қазақстандық боксшы.

Еске салайық, 6 қыркүйекте таңғы уақытта Карсон қаласындағы StubHub Center аренасында өткен кездесуде кездесуде Головкин қарсыласы Ванес Мартиросянды екінші раундта нокаутқа түсірген болатын. 36 жастағы қазақстандық боксшы осымен 38-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр, оның 34-і нокаутпен аяқталған. 32 жастағы Мартиросян болса, карьерасында төртінші рет жеңілді. Қазақстандық WBA титулын 19-шы рет, IBO титулын 17 ал WBC титулын төртінші рет қорғап қалып отыр. Осылайша отандасымыз Бернард Хопкинстің әлем чемпионы титулын 20 мәрте қорғап қалған боксшы ретінде рекордты қайталады.

дереккөз:tengrinews.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
5G жайлы 5 миф
5G жайлы 5 миф
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Бауырдың қабынуы
Бауырдың қабынуы
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда