Еуропа лигасының финалы 16 мамырда өтеді

Еуропа лигасының финалы 16 мамырда өтеді
Фото: vk.com

Футболдан Еуропа лигасының финалына шыққан қос команда белгілі болды. Жартылай финалда Мадридтің "Атлетикосы" Лондонның "Арсеналынан" айласын асырса, "Марсель" "Зальцбургтен" мықты шықты.

"Атлетико" мен "Марсель" арасындағы финалдық кездесу 16 мамырдан 17 мамырға қараған түні Лионда (Франция) өтеді. Ойын Астана уақытымен сағат түнгі 00:45-те басталады.

Айта кетейік, түнде өткен қарымта кездесуде "Атлетико" "Арсеналды" 1:0 есебімен ұтты. Ойында алаң иелеріне жеңіс сыйлаған голды бірінші тайм соңында Диего Коста соқты.


Ал "Зальцбург" пен "Марсель" командалары арасындағы ойынның жеңімпазы қосымша уақыт қорытындысы бойынша анықталды. Негізгі уақытта алаң иелері 2:0 есебімен ұтып шыққанмен, экстра-таймда алаңға шыққан Роланду француздық ұжым үшін аса маңызды голды соқты.

Ө. Сансызбай