"Астананың" тағы бір ойыны уақытынан бұрын өтеді

"Астананың" тағы бір ойыны уақытынан бұрын өтеді
Фото: "Астана" ФК

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы "Астананың" тағы бір ойыны уақытынан бұрын өтетінін хабарлады. Елордалық команда өтініші қанағаттандырылған.

- Қазақстаннан еурокубок ойындарына қатысатын командалар премьер-лигадағы күнтізбелеріне байланысты Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасына өтініш білдіре алады. Осындай өтініштің бірі "Астана" клубынан келіп түсті. Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатысуына байланысты елордалық команда 11 тамыз күні өтуі тиіс "Ақжайыққа" қарсы ойынды 23 мамырға ауыстыру жайын өтінген.

"Ақжайық" футбол клубы да ойын уақытын өзгертуге рұқсатын берген. Нәтижесінде ҚКФЛ шешімімен бұл ойын 23 мамыр күні өтетін болды, - деп жазылған ресми хабарламада.

Айта кетейік, "Астана" футбол клубы ел чемпионатының ХIX турындағы "Қызылжарға" қарсы ойынды да уақытынан бұрын өткізген еді. Қазіргі таңда 19 ұпаймен көш бастап келеді.

Премьер-лиганың VII тур ойындары сенбі және жексенбі күндері өтеді.

Ө. Сансызбай