"Арсенал" мен "Атлетико" бірінші ойында тең түсті

О Сансызбай Корреспондент
"Арсенал" мен "Атлетико" бірінші ойында тең түсті
Фото ©️ Reuters

Футболдан Еуропа лигасының жартылай финалындағы бірінші ойында "Арсенал" мен "Атлетико" тең тарқасты. Лондонда өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді.

БӨЛІСУ

Ойынның 10 минутында мадридтік команда 10 ойыншымен қалды. Қорғаушы Шиме Врсалько екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Команданың бас жаттықтырушысы Диего Симеоне де қызыл қағаз алды.

"Арсенал" бірінші таймда ойыншы саны басымдығын пайдалана алған жоқ. 61 минутта барып гол соқты. Александр Ляказзеттің баспен бағыттаған добын қақпашы Ян Облак қайтара алмады. Әйтсе де 82 минутта Антуан Гризманның соққан голы "Атлетиконың" тең ойнауына сеп болды.

Жартылай финалдағы екінші ойында "Марсель" Австрияның "Зальбург" командасын 2:0 есебімен ұтты. Ойында Флориан Товен (15 минут) мен Клинтон Н'Джи (63 минут) гол соқты.

Командалар арасындағы қарымта кездесулер 3 мамыр күні түнде өтеді.