Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Қазақ боксшылары Украинадағы халықаралық турнирде 7 медаль жеңіп алды

Қазақ боксшылары Украинадағы халықаралық турнирде 7 медаль жеңіп алды

Қазақ боксшылары Украинадағы халықаралық турнирде 7 медаль жеңіп алды

Украинаның Херсон қаласында ұйымдастырылған КСРО спорт шебері Николай Мангерді еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды. Қазақ боксшылары 7 бірдей жүлде жеңіп алды.

49 кг салмақта Жандос Несіпжан жарыс жеңімпазы атанды. 56 кг-да Нұрбол Қалжанов мықтылығын мойындатып, үздік екенін дәлелдеді. Сондай-ақ 64 кг салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Қуан Қуатов та қарсыластарының барлығын ұтып, алтын медаль иеленді.

Азат Махметов (52 кг) пен Нұрболат Сермаханов (+91 кг) финалда қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Қола медальді Қанағат Маралов (69 кг) пен Ерік Әлжанов (75 кг) иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша Қуан Қуатов техникалық шеберлігі ең мықты боксшы атанса, қазақстандық бокс маманы Руслан Бибуев үздік төреші марапатына ие болды.

Бокстан Қазақстан құрамасы үшін 2018 жылдың басты жарысы – тамыз айында Джакартада (Индонезия) өтетін Азия ойындары. Халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен боксшылар осы додада ел намысын қорғайды. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов айта кеткендей, Азия ойындарына қатысатын боксшылар шілде айында белгілі болады.

Фото: kfb.kz
Қосылған күні: 16 сәуір, 10:13
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.