Арман Әшімов 12 мамырда М1 Global чемпиондық атағына таласады

О Сансызбай Корреспондент
Арман Әшімов 12 мамырда М1 Global чемпиондық атағына таласады
Фото ©️ vk.com

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, ең жеңіл салмақта М1 Global уақытша чемпиондық атағына ие отандасымыз Арман "Мұстафа" Әшімов 12 мамыр күні Қытайдың Шеньчжен қаласында украиналық спортшы Александр Доскальчукпен кездеседі.

БӨЛІСУ

Аспан асты елінде өтетін халықаралық турнирді M-1 Global ұйымы мен Қытайдың WKG промоушны бірлесе ұйымдастыруда. Басты кездесуде отандасымыз Арман Әшімов пен украиналық Александр Доскальчук өзара мықтыны анықтайтын болады.

Бір жыл бұрын Александр Доскальчук ең жеңіл салмақта чемпиондық атақты иеленіп, жарақатына байланысты жекпе-жектерге шыға алған жоқ. Ал Арман болса жеңісті жолын жалғап, уақытша чемпиондық белбеуді жеңіп алды. Нәтижесінде басты жекпе-жекте бақ сынауға мүмкіндік алды.

Қытайдағы M-1 Challenge 91 халықаралық турнирінде Bellator Гран-Приінің жеңімпазы мен UFC ардагері кездеседі. Сондай-ақ қытайлық аралас жекпе-жек шеберлері әлемнің үздік спортшыларымен күш сынасып көретін болады.