Бобыржан Моминов аргентиналық боксшыны нокаутпен жеңді

Бобыржан Моминов аргентиналық боксшыны нокаутпен жеңді
Фото: vk.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Моминов Аргентинаның Кильмес қаласында жергілікті боксшы Хосе Игнасио Бальседомен жұдырықтасып, екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді.

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған болатын. Алайда аргентиналық боксшы Бобыржанға қарсы қауқар таныта алған жоқ.

26 жастағы Бобыржан Моминов кәсіпқой бокстағы алтыншы жекпе-жегін өткізді. Осыған дейінгі 5 кездесуінде де жеңіске жеткен.

Ө. Сансызбай